Тамақтандырудың сапалық мониторингі


Тексеру нәтижесінде мыналар белгіленді:
Актінің мәні мектептегі ыстық тамақтың ұйымдастырылу жағдайын тексеру жөнінде. Біз актіге қол қоюшылар, наурыз айының 3-і күні мектептегі ыстық тамақтың ұйымдастырылу жағдайын тексерілгендігін растаймыз.
Асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Ыдыстармен қамтылуы және ыдысжуатын бөлменің жай-күйі қанағаттанарлық деңгейде. Пластмасс ыдыстар және сынған, жарығы бар ыдыстар жоқ. Қайнаған су бар. Шағымдар мен ұсыныс кітабы бар. Қол жуатын арнайы орындар жабдықталған. Асхана жұмыскерлерінің қолдары таза, таза арнайы киім мен аяқ киім киген. Тамақ ішетін залда мәзір ілінген, онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетілген. Мәзірде көрсетілген тағамдар беріліп жатқан тағамдарға сәйкес келеді. Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері және оларды сақтау шарттары өндіруші (дайындаушы) белгілеген жарамдылық мерзімдеріне сәйкес келеді. Температураны бақылау үшін термометрлер орнатылған. Тоңазытқыштағы температурада +2°С көрсетті. Ас блогында аспазшы нақты ас мәзіріне сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырған. Сынамаларды қақпағы бар таза (қайнатылып өңделген) шыны ыдысқа салған. Асхана қызметкерлерінің денсаулығы туралы жазбалар журналдарға тіркелген. Жалпы ыстық тамақты ұйымдастыру деңгейі талапқа сай.
Тексеру қорытындысы қанағаттанарлық.
Комиссияның құрамы:
Мектеп директоры З.Ниязбекова
ДОТІЖО А.Темірбекова
Медбике Г.Раисова
ДШІЖО Е.Момынкулов
Ата-аналар комитетінің төрайымы Л.Инкарбекова
Қамқоршылық кеңес төрағасы Е.Ниязбеков
Әлеуметтік педагог А.Советова
Өнім беруші (қызметті жеткізуші тамақтандыруды ұйымдастырған кезде) және/немесе жауапты аспаз (білім беру ұйымы тамақтандыруды ұйымдастырған кезде) танысты.