08
сентябрь
2025
3-сыныпта «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында тәрбие сағаты

Сабақтың мақсаты – оқушыларға отбасының маңызын түсіндіру, отбасындағы сыйластық, татулық, мейірім жайлы әңгімелеу, оқушылардың отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру болды.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар отбасы туралы өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтты, топтық жұмысқа қатысып, өз ойларын ортаға салды. «Менің бақытты отбасым» тақырыбында фото коллаж жасады, шағын әңгімелер құрастырды.
Іс-шара оқушылардың белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Балалар отбасының адам өміріндегі ең қымбат қазына екендігін түсініп, өз отбасына деген сүйіспеншілігін білдірді.
Сынып жетекшісі: У.К.Нургазиева.