«Балаларды зорлық – зомбылықтан қорғау, құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмілетке толмағандардың қылмысының алдын алу» тақрбында ата аналар жиналысы » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балаларды зорлық – зомбылықтан қорғау, құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмілетке толмағандардың қылмысының алдын алу» тақрбында ата аналар жиналысы
18
сентябрь
2025

«Балаларды зорлық – зомбылықтан қорғау, құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмілетке толмағандардың қылмысының алдын алу» тақрбында ата аналар жиналысы

2025 жылдың 18 қыркүйек күні №33 жалпы орта білім беретін мектебінде «Балаларды зорлық – зомбылықтан қорғау, құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмілетке толмағандардың қылмысының алдын алу» тақырыбында мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. 📌Меркі АПБ, ЖПҚБ бастығы полиция подполковнигі А.Майнаусов , «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандардың қылмысының алдын алу» бойынша ата-аналар мен оқушыларға түсіндірме жұмысын жүргізді.
📌Ата-аналарға кибербуллинг, буллинг туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары бойынша Меркі ауданы білім бөлімінің сектор меңгерушісі С. Иманалиева баланың тәрбиесі мен қауіпсіздігі – бірінші кезекте ата-ананың заң алдындағы міндеті екендігі түсіндірді. Бала тарапынан құқық бұзушылық орын алған жағдайда, ата-ананың да әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны жеткізілді. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, сабақтан тыс уақытта қадағалау, үйдегі тәрбиенің маңыздылығы баса назарға алынды. Жасөспірімдердің интернет пен әлеуметтік желіні дұрыс пайдалануын қадағалау, кибербуллингтің алдын алу үшін ата-ананың үнемі бақылауы қажет екендігі түсіндірілді. Кездесу соңында оқушыларға құқық бұзушылыққа әкелетін кез келген әрекетке жол бермеу, салауатты өмір салтын ұстану және өз құқықтары мен міндеттерін білу қажеттілігі ескертілді.
📌Қыздар арасында ерте жүктілік мәселесі бойынша Меркі аудандық ауруханасының психологы Алтынай Серікқызы қыздың тәрбиесіне қатты көңіл бөлген қазақ халқымыз «Ұлыңды бөтен үйден тойдырма, Қызыңды бөтен үйге қондырма» деп сөз бастап, алайда бұл сөздің де қадірі мен қасиетінің кетіп бара жатқанын жасыруға келмейтінін айтты. Қазақтың қаракөз қыздарының ардан аттап, ұятты ұмыт қалдыруына ешқашанда жол бермеуіміз керек. Тиісінше оған бәріміздің жауапты екеніміз қаперде болуын ескертті. Медицинада «ерте жүктілік» деп 13-18 жасқа дейінгі болатын жүктілікті атайтынын, дәрігерлер бұл мезгілде қыздарда «өтпелі жас» кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу процесі жүретінін айтты.