Тамақтандырудың сапалық мониторингі


Тексеру нәтижесінде мыналар белгіленді:
Актінің мәні мектептегі ыстық тамақтың ұйымдастырылу жағдайын тексеру жөнінде. Біз актіге қол қоюшылар, ақпан айының 4-і күні мектептегі ыстық тамақтың ұйымдастырылу жағдайын тексерілгендігін растаймыз.
Тегін ыстық тамақтың ұйымдастырылу жағдайын тексеру барысында комиссия мүшелері асхананың санитарлық нормаларға сәйкестігін тексерді.
Тексеру барысында сол күнгі дайындалып жатқан тағамның мәзірі асхана бұрышында ілінбегендігі, медбике тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізгендігі, аспазшы ас мәзіріне сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырғандығы анықталды. Сынамаларды қақпағы бар таза шыны ыдысқа алып, +3°С температурада тоңазытқышта арнайы бөлінген орында сақтаған
Білім алушыларға ас мәзіріне сәйкес барлық тағамдар берілді және берілген тағамдардың грамы мәзірде көрсетілген нормаға сәйкес.
Жалпы тексеру қорытындысына сәйкес тамақтандыруды ұйымдастыру жағдайы қанағаттанарлық екендігі анықталды.
Комиссияның құрамы:
Мектеп директоры З.Ниязбекова
ДОТІЖО А.Темірбекова
Медбике Г.Раисова
ДШІЖО Е.Момынкулов
Ата-аналар комитетінің төрайымы Л.Инкарбекова
Қамқоршылық кеңес төрағасы Е.Ниязбеков
Әлеуметтік педагог А.Советова
Өнім беруші (қызметті жеткізуші тамақтандыруды ұйымдастырған кезде) және/немесе жауапты аспаз (білім беру ұйымы тамақтандыруды ұйымдастырған кезде) танысты.