
№33 ЖОББМ-де "Отбасы күні" апталығында 10 қыркүйек "Саналы ата-ана" күні, педагог-психолог Б.Утеходжаева ата-аналарға арналған танымдық тәрбие мәселелеріндегі педагогикалық сауаттылығын арттыру мақсатында кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушылардың психологиялық саулығын сақтау жолдары, ата-ана мен бала арасындағы тиімді қарым-қатынас орнату және білім алушылардың даму ерекшеліктері жайлы, мазмұнды ақпараттар мен кеңес берілді және жаднамалар таратылды.