Тамақтандырудың сапалық мониторингі


Тексеру нәтижесінде мыналар белгіленді:
Актінің мәні мектептегі ыстық тамақтың ұйымдастырылу жағдайын тексеру жөнінде. Біз актіге қол қоюшылар, желтоқсан айының 9-ы күні мектептегі ыстық тамақтың ұйымдастырылу жағдайын тексерілгендігін растаймыз.
Асхана жұмыскерлері жеке және өндірістік гигиенаны сақтайды: қолдың тазалығын бақылайды, таза арнайы киім мен аяқ киім киеді. Тамақ ішетін залда мектеп басшысы бекіткен мәзір ілінген, онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетілген. Мәзірде көрсетілген тағамдар мен аспаздық өнімдердің атаулары пайдаланылған рецептуралар жинақтарында көрсетілген атауларға сәйкес келеді.
Асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Ыдыстармен қамтылуы және ыдысжуатын бөлменің жай-күйі қанағаттанарлық деңгейде. Ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған, ыдыстардың беті жабық. Асхана барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Көкөніске, дайын өнімдерге, шикізаттарға арналған стеллаждар жасалынған және заттар нормаға сәйкес сақталынған. Қайнаған су бар. Шағымдар мен ұсыныс кітабы бар. Қол жуатын арнайы орындар жабдықталған.
Тексеру нәтижесінде асхана санитарлық нормаға сай, қазіргі заманғы дизайнмен жабдықталған, «Дұрыс тамақтану» бұрышы ұйымдастырылғандығы анықталды. Бракераждық журналдар дұрыс жүргізілуде. Аспазшылардың денсаулығын тексеріп, шикізат пен дайын тағамдардың жағдайына бақылау жүргізілген. Ыстық тағам ас мәзіріне сәйкес дайындалған.
Комиссияның құрамы:
Мектеп директоры З.Ниязбекова
ДОТІЖО А.Темірбекова
Медбике Г.Раисова
ДШІЖО Е.Момынкулов
Ата-аналар комитетінің төрайымы Л.Инкарбекова
Қамқоршылық кеңес төрағасы Е.Ниязбеков
Әлеуметтік педагог А.Советова
Өнім беруші (қызметті жеткізуші тамақтандыруды ұйымдастырған кезде) және/немесе жауапты аспаз (білім беру ұйымы тамақтандыруды ұйымдастырған кезде) танысты.