Тамақтандырудың сапалық мониторингі » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
ноябрь
2021

Тамақтандырудың сапалық мониторингі


Тексеру нәтижесінде мыналар белгіленді:

            Актінің мәні мектептегі ыстық тамақтың ұйымдастырылу жағдайын тексеру жөнінде. Біз актіге қол қоюшылар, қараша айының 5-і күні мектептегі ыстық тамақтың ұйымдастырылу жағдайын тексерілгендігін растаймыз. 

Қабылданған тамақ өнімдері және азық-түлік шикізаттары Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаның 1-нысанына сәйкес тез бұзылатын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттардың бракераж журналына енгізілген. Олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар (сертификаттар) бар. Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері және оларды сақтау шарттары өндіруші (дайындаушы) белгілеген жарамдылық мерзімдеріне сәйкес келеді.

Асхана жұмыскерлері жеке және өндірістік гигиенаны сақтайды: қолдың тазалығын бақылайды, таза арнайы киім мен аяқ киім киеді. Тамақ ішетін залда мектеп басшысы бекіткен мәзір ілінген, онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетілген. Мәзірде көрсетілген тағамдар мен аспаздық өнімдердің атаулары пайдаланылған рецептуралар жинақтарында көрсетілген атауларға сәйкес келеді.

Асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Ыдыстармен қамтылуы және ыдысжуатын бөлменің жай-күйі қанағаттанарлық деңгейде. Ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған, ыдыстардың беті жабық. Асхана барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Көкөніске, дайын өнімдерге, шикізаттарға арналған стеллаждар жасалынған және заттар нормаға сәйкес сақталынған. Қайнаған су бар. Шағымдар мен ұсыныс кітабы бар. Қол жуатын арнайы орындар жабдықталған.

Тексеру нәтижесінде асхана санитарлық нормаға  сай, қазіргі заманғы дизайнмен жабдықталған, «Дұрыс тамақтану» бұрышы ұйымдастырылғандығы анықталды. Бракераждық журналдар дұрыс жүргізілуде. Аспазшылардың денсаулығын тексеріп, шикізат пен дайын тағамдардың жағдайына  бақылау жүргізілген. Ыстық тағам ас мәзіріне сәйкес дайындалған.

Комиссияның құрамы:

Мектеп директоры                                         З.Ниязбекова

ДОТІЖО                                                         А.Темірбекова

Медбике                                                          Г.Раисова

ДШІЖО                                                           Е.Момынкулов

Ата-аналар комитетінің төрайымы              Л.Инкарбекова

Қамқоршылық кеңес төрағасы                     Е.Ниязбеков

Әлеуметтік педагог                                       А.Советова 
 Өнім беруші (қызметті жеткізуші тамақтандыруды ұйымдастырған кезде) және/немесе жауапты аспаз (білім беру ұйымы тамақтандыруды ұйымдастырған кезде) танысты.