Қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы
08
октябрь
2021

Қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы

№33 жалпы орта білім беретін мектебі

Қамқоршылық кеңесі отырысы

Хаттама№1/кезектен тыс/


Қазақ-дихан ауылы                                                                                     08.09.2021

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы:Ниязбеков Есен 

Хатшы: Құттабай Арнат

Күн тәртібі

Бірінші мәселе бойынша

Тыңдалды :Қамқоршылық кеңесі отырысында мектеп директорының есебі

Сөйледі: Мектеп директоры:З.К.Ниязбекова

        Уақыт талабына сай білім мазмұнын  жаңартып  отыру - бүгінгі  күннің басты талабы. 

        №33 жалпы  орта білім беретін  мектебінде 2021-2022 оқу жылын 93 оқушы бастады.

1-4 сыныпта - 37 оқушы

5-9 сыныпта - 46 оқушы

10-11 сыныпта – 10 оқушы білім алып жатыр.

Мектептің даму жоспары және  2021-2022 оқу жылына арналған жылдық жоспарыжасалынды. Даму жоспарында  алдағы 3 жылда қол жеткізетін индикаторлар: білім сапасы, педагог кадрлардың құрамын жақсарту, жас мамандарды тәрбиелеу, мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жоспарланып, нақтыланды. Жылдық жоспарда  бір жыл ішінде алдымызға қойған нақты мақсаттарды белгілеп, жұмыс жүргізілетін болады.   Онда - жалпыға бірдей міндетті білім берудің орындалуы, педагог кадрлармен жұмыс, мектеп құжаттарын жүргізуді бақылау, оқушылардың білім-білік дағдылары, оқу-материалдық база, пәндердің   оқыту сапасын бақылау, құқық бұзушылықтың алдын-алу, жетім, қамқорлықтағы, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасы   балаларының әл-ауқатын арттыру, психологиялық көмек, оқушылардың тәрбиелік деңгейін  жақсарту, бос уақытын ұйымдастыру, үйірме мен секциялардың, сыныптан тыс іс-шаралардың мазмұнын  жақсарту қарастырылды. 2021-2022 оқу жылына жоспарланған  іс-шаралар дер кезінде орындалып, директор жанындағы кеңес, өндірістік  отырыстарда, педагогикалық  кеңесте қаралып отырды.

2021-2022 оқу жылында 27 мұғалім жұмыс жасауда. Мектепте өтіп жатқан оқу-тәрбие үдерісіндегі басты жаңалықтар мен жетістіктер Фейсбук, Инстаграмм әлеуметтік желілері  және №33 жалпы орта  білім беретін мектеп  сайты арқылы жариялануда.

Мектептің материалдық – техникалық базасы жыл сайын жақсарып келеді. Заман талабына сай ақпараттық технологияларды  пайдалануға ерекше мән беріліп, мұғалімдер аудио – кешенді  оқу құралдарын  пайдалануға қол  жеткізіп отыр. Кітапхана қоры  жеткілікті. Жаңа  оқу жылына   алған  міндеттердің  ішінде   ата- анамен жұмыс  деңгейін жаңа  сатыға көтеру   мәселесі қойылды. Бұл бағытта танымы мен тағылымы  мол шараларды   көптеп  өткізуді  жоспарлап отырмыз. Оқушы  еліміздің   келешегі, ертеңі.  Сондықтан олардың бойындағы  болашаққа  сенім, үміт,   оптимистік  көзқарас  ұялату   -баршамыздың  парызымыз. 

Оқушылардың  ыстық тамақпен қамтылуы.

          Мектепте оқу жылының басында оқушыларға ыстық тамақтың ұйымдастыру жөнінде бұйрық шығарылған. Тамақтың сапасын бақылау мониторингі комиссиясы құрылды. Жеткізілетін тамақ өнімнің сапасы, тағам дайындау технологиясына, асхана жабдықтарының жарамдылығы, өнімдердің және дайын тағамдарды сақтау мерзімдері мен олардың сақталуына мониторинг жүргізу комиссияның міндетіне кіреді.

Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасыларынан шыққан 1 отбасынан 5 бала құжаттарын жинақтады. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама қабылданды.

Мектебімізде Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің жыл сайынғы жалпы Республикалық «Мектепке жол» акциясы ұйымдасқан түрде өткізілді. Акцияның негізгі міндеті аз    қамтылған  отбасыларындағы   оқушылардың   жаңа оқу жылына дайындауға  және балалардың әлеуметтік  жағдайлары бойынша мектепке бармай қалуын алдын алу.Олардың мектеп формасы,оқуға қажетті  құрал жабдықтармен толықтай  қамтылып,алаңсыз білім алуына жағдай жасау.

        Мектепке жол ақциясы аясында мектеп ұжымы атынан  жартылай жетім  отбасы оқушыларына  көмек көрсетілді. Мектепке жол акциясы бойынша  көмек көрсетілген оқушылар саны 5. Жалпы көрсетілген көмек сомасы 88000 теңгені құрайды. Бүгінгі күні атқарылып жатқан жұмыстар осы. Алдағы уақытта оқу – тәрбие үрдісіндегі жоспарлы іс – шараларымызды қарқынды жалғастырамыз.

Шешімі:

Мектеп директорының қамқоршгылық кеңес отырысындағы қорытынды есебі қанағаттанарлық деңгейде деп танылсын.