2019-2020 оқу жылының қыркүйек – қазан айында оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2019-2020 оқу жылының қыркүйек – қазан айында оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы
04
ноябрь
2019

2019-2020 оқу жылының қыркүйек – қазан айында оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы

№33 жалпы білім беретін мектебі бойынша 2019-2020 оқу жылының қыркүйек – қазан айында оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы

№33 жалпы білім беретін мектебінде 2019-2020 оқу жылының басында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйырығының 6 қосымшасында бекітілген «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет стандартын орындау бойынша оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылып, аз қамсыздандырылған отбасы оқушыларына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында жұмыстар жүргізілді.
Мектеп бойынша 95 оқушы. Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың саны-20. Оның ішінде  атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан оқушылардың саны-20. Жоғарыда аталған оқушылардың 1-4 сынып бойынша саны-10, 5-11 сынып бойынша саны-10.
Аз қамтамасыздандырылған отбасының әлеуметтік жағдайын анықтау мақсатында ауылдық округ әкімдігімен бірлескен комиссия құрылып, отбасылардың әлеуметтік жағдайына зерттеу жүргізілді. Комиссия қорытындысы сараланып, тексеру актілері жазылып, мектеп директоры З.Ниязбекова пен Ақтоған ауылдық округінің әкімі Т.Дулатбаев ыстық тамақпен қамтылатын оқушылар тізімін бекітті.
Мектеп оқушыларын бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша арнайы кесте жасалынып, ыстық тамақтың ұйымдастырылуы ДОТІЖО А.Темирбековаға жүктелген.
Мектепте І ауысымдағы оқушылар сағат 10:00-де, - тамақтанады. Күнделікті ас мәзірін алдын ала мектеп медбикесі даярлап, мектеп директорымен бекітеді. Тізім бойынша бектілген оқушылардың ыстық тамақ ішкенін тіркейтін арнайы журнал жүргізіледі. Шикі және піскен азық түлікті жұмсаудың бракераждық журналдары жасалған.
Асхана іші таза, жарық, санитарлық жағдайы стандартқа сай ұйымдастырылған, технологиялық құралдар және тазалықты сақтау жабдықтарының маркировкасы бар. Шеті сынық ыдыстарды аспазшылар қолданып жүрген жоқ.
Мектепте бекітілген бракераждық комиссия мүшелері оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуын үнемі қадағалап отырады.

Ұсыныс
-Мектепте ата-аналар тарапынан оқушыларды бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамту ұйымдастыру одан әрі жандандырылсын.
-Ата-аналарға арналған ашық есік күндері жиі ұйымдастырылсын.