Бір мезгіл ыстық тамақ – оқушы үлгерімінің кепілі!
№33 жалпы білім беретін мектебіндегі асхана санитарлық нормаға сай, қазіргі заманғы дизайнмен жабдықталған «Дұрыс тамақтану» бұрышы ұйымдастырылған. Жаңа стенді жасалынып, толықтырылған. Биылғы оқу жылына арналған оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыруға іс-шара жоспары жасалынды. Бір мезгіл тегін ыстық тамақпен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларының барлығы 100 пайыз (20 оқушы) қамтылған.
Ең негізгі құжаттардың бірі – мәзір. Мәзір – белгілі бір күні көрсетілген, сол күнгі тағамдар мен сусындар тізбесі. Мектепте перспективалық ас мәзірі жасалып, бекітілген. Бракераждық жұмысты жүргізу мектеп медбикесінің жауапкершілігіне жүктелген.
Асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Ыдыстармен қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жай-күйі қанағаттанарлық деңгейде. Ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған, ыдыстардың беті жабық тұрады. Асхана барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Көкөніске, дайын өнімдерге, шикізаттарға арналған стеллаждар жасалынған және заттар нормаға сәйкес сақталынған. Қайнаған су бар. Шағымдар мен ұсыныс кітабы бар. Қол жуатын арнайы орын жабдықталған. Жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасы үнемі бақылауда, тоңазытқыш-технологиялық жабдықтары жарамды және ауа температурасы, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері қатаң бақылауда.
Қорыта келе, Тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі. Ас адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік береді. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қант диабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдын алу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет.