«Тиімді тамақтану –денсаулықтың негізі»
«Тиімді тамақтану –денсаулықтың негізі» атты ашық есік апталығы
№33 жалпы білім беретін мектебінде тамақтандыру жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру, тиімді тамақтануды насихаттау мақсатында 2020 жылы 10-14 ақпан аралығында «Тиімді тамақтану – денсаулықтың негізі» атты ашық есік апталығы өткізілді.
Апталық дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жөнінде барлық мүдделі тараптардың, әсіресе мектеп жасындағы балалардың ақпараттылық деңгейін көтеру, мектепте оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін жағдай жасауға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылып, өткізілді.
Мектебімізде апталық жоспары жасалынып, атаулы іс-шаралар өткізілді. Онкүндік 10.02.2020 жылы мектеп жасындағы балалардың тамақтану режимі туралы, аурудың алдын алудағы дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жайында, тез даярланатын тағамдардың кері әсері туралы лездеме өткізіліп, оқушыларға балалардың, оның ішінде оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатында ДДҰ ұсынған үйлесімді тамақтанудың 12 қағидасын ұстану маңыздылығы және аурулардың, оның ішінде жедел ішек инфекциясының алдын алу мақсатында қауіпсіз тамақтанудың 5 қағидасы туралы ақпараттар берілді. Лездемеге ДТЖО, әлеуметтік педагог, мектеп медбикесі, сынып жетекшілер және барлық мектеп оқушылары және ата-аналары қатысты.
«Тиімді тамақтану –денсаулықтың негізі» атты ашық есік апталығының мақсаты:
- Оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып, қосымша мәліметтер бере отырып денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту.
- Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
- Денсаулықты күтуге,дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу
Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсалығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм , зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне әне әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.
Тамақтану тәртібі
Ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай – ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және ас мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді.
Тамақтанудың негізгі ережелері
- Аш адам бір жапырақ нан мен суды да қанағат тұтады. Бұл орайда оның тәбеті жоғары болады.
- Асқазан өз қажетін алды делік. Бірақ, тәбет басылмай тұр. Бұл тағамның дәмді әзірленгендінен де болады. «Өзі тойғанмен, көзі тоймай тұрғанын қараша» деген қызғаныш осыны білдірсе керек.
- Тойып тамақ ішуге болмайды. Тағамның мөлшері, оның сапасы, қабылдау кестесі, гигиена ережесі және қолайлылық этикасымен реттелуі керек. Тамаққа деген тәбетіңіз болмай тұрып, ас қабылдамаңыз.
Тамақтану режіміне мына төмендегі принциптер енеді.
- тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.
- тәулігіне бір - екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш – немесе төрт рет тамақтану керек.
- тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл ретте дәрігер - диетологтың да кеңесі артық болмайды.
Асқазан ішілген тамақтан шамамен 4 сағат шамасында босайды, сол себепті тамақ ішудің арасы 3-3,5 сағаттан кем және 4-4,5 сағаттан аспасын.Тамақты жиірек ішкен сайын асқазан –ішек жолдары жұмысының ырғағы бұзылады. Егер тамақ ішу аралығында үзіліс өте үзаққа созылып кетсе, онда күшті ашығу сезімі туындайды және оны қанағаттандыру үшін көп тамақ ішу қажет болады, бұл да асқазанның қорытуын киындатады.
Қорытынды:
Сынып сағаттарының барысында дұрыс тамақтану қағидалары, артық салмақ пен семіздіктің алдын алу және т.б. туралы бейнероликтер де көрсетілді.
№33 жалпы білім беретін мектебінде тамақтандыруды ұйымдастыруға байланысты өткізілген ашық есік апталығының нәтижесінде үйлесімді және дұрыс тамақтану жөнінде оқушылардың және ата-аналардың ақпараттылық деңгейі артты. Тиімді тамақтану сапалық білім алудың негізі екендігі жөнінде кеңінен ақпараттық, насихаттау жұмыстары жүргізілді.