“Мектепке жол” » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Мектепке жол”
31
август
2022

“Мектепке жол”

“Мектепке жол” акциясы. Біз аз қамтылған, көп балалы ,толық емес отбасынан шыққан балаларлы әрқашанда назарда ұстап, материалдық және моральдық қолдау көрсетуге атсалысамыз. Міне тамыз айының соңғы күндері өтуде, әдеттегідей ата-ана мен оқушылар әуреге салынып, мектепке қажетті құрал-жабдықтарын түгендеп бағуда. 
Осы тұста мұқтаж отбасының балаларын мектепке дайындау үшін демеушілер тарттық. Қоғамда қайырымдылық жасауға ниетті жомарт жандар жоқ емес.  Әлеуметтік педагогтың ұйымдастыруымен кәсіпкерлер тарапынан мұқтаж оқушыларға көмек беріп, игі іске атсалысты. 
“Жақсылыққа жан риза” демекші, материалдық көмек алған оқушылардың ата-аналарының мектеп ұжымына айтар алғысы шексіз. Бұл қайырымдылық шарасы жыл бойына жалғасын табады. “Көп түкірсе көл болар” демекші, жақсылыққа тамшыдай болса да үлес қосамын деген жандарға құшағымыз  ашық.