11
август
2025
2025 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында елімізде дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы өтеді.

Қадірлі ауыл тұрғындары!
Жаңа оқу жылы – әр бала үшін үлкен үміт пен жаңаша серпін. Білімге жол ашатын осы кезеңде жақсылық жасап жарысайық!
Еліміздің ертеңі – жас ұрпақтың қолында. Олардың білім алуына, мектепке қуанышпен баруына қолдау білдіру – баршамыздың азаматтық борышымыз.
«Мектепке жол» акциясына атсалысып, сауапты іске үлес қосқысы келетін жандарды №33 жалпы орта білім беретін мектебіне хабарласуға шақырамыз.
Бір баланың жүзіндегі қуаныш – тұтас қоғамның мейірімі!