Ыстық тамақпен қамту жағдайын тексеру
№ 33 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушыларды ыстық тамақпен қамту жағдайын тексеру
АКТІСІ
Осы акті 17.02.2022 жылы жасалынды.
Актінің мәні мектептегі ыстық тамақтың ұйымдастырылу жағдайын тексеру жөнінде. Біз актіге қол қоюшылар, ақпан айының 17-і күні мектептегі ыстық тамақтың ұйымдастырылу жағдайын тексерілгендігін растаймыз.
Асхана жұмыскерлері жеке және өндірістік гигиенаны сақтайды: қолдың тазалығын бақылайды, таза арнайы киім мен аяқ киім киеді. Тамақ ішетін залда мектеп басшысы бекіткен мәзір ілінген, онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетілген. Мәзірде көрсетілген тағамдар мен аспаздық өнімдердің атаулары пайдаланылған рецептуралар жинақтарында көрсетілген атауларға сәйкес келеді.
Асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Ыдыстармен қамтылуы және ыдысжуатын бөлменің жай-күйі қанағаттанарлық деңгейде. Ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған, ыдыстардың беті жабық. Асхана барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Көкөніске, дайын өнімдерге, шикізаттарға арналған стеллаждар жасалынған және заттар нормаға сәйкес сақталынған. Қайнаған су бар. Шағымдар мен ұсыныс кітабы бар. Қол жуатын арнайы орындар жабдықталған.
Тексеру нәтижесінде асхана санитарлық нормаға сай, қазіргі заманғы дизайнмен жабдықталған, «Дұрыс тамақтану» бұрышы ұйымдастырылғандығы анықталды. Бракераждық журналдар дұрыс жүргізілуде. Аспазшылардың денсаулығын тексеріп, шикізат пен дайын тағамдардың жағдайына бақылау жүргізілген. Ыстық тағам ас мәзіріне сәйкес дайындалған.
Тексеру қорытындысы қанағаттанарлық.
Осыны растап қол қоюшы комиссия мүшелері:
Ниязбекова З. - мектеп директоры
Темирбекова А. – ДОТІЖО
Серік Ф. – кәсіподақ төрайымы
Раисова Г. – медбике
Акимов Қ. – ата-аналар кеңесінің мүшесі.