
26. 08.2022 жылы №33 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш пән бірлестігінің №1 Әдістемелік отырысы өткізілді. Әдістемелік бірлестік жетекшісі Мырзабаева Камшат Куандыковна 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрықпен жаңа оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хатпен таныстырып өтті. Жаңа оқу жылындағы ерекшеліктердің бірі, бала қауіпсіздігі мен тәрбиелеуге қойылатын талаптардың күшейтілгендігі туралы түсіндірді.