Гуманитарлық пәндер бірлестігінің әдістемелік отырысы » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Гуманитарлық пәндер бірлестігінің әдістемелік отырысы
30
август
2021

Гуманитарлық пәндер бірлестігінің әдістемелік отырысы

№33 ЖОББМ-де гуманитарлық пәндер бірлестігінің әдістемелік отырысы өткізілді. Әдістемелік отырыста «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ» ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТЫ қаралды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тұлғаны жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету қажеттілігі, білім алушылардың білімін толықтыру, оқу жүктемесі төмендетілген ҮОЖ-ын жүзеге асыру;  қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету;  цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау. Әрбір білім беру ұйымының міндеті – білім алушының тұлғалық үйлесімді қалыптасуы, функционалды сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің дамуы үшін қолайлы, жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру ортасын құру туралы түсіндірілді. Сонымен қатар оқу-тәрбие прцесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері мен төмендетілген оқу жүктемесімен үлгілік оқу жоспарлары (оқыту тілдері, бейіндері, оқыту түрлері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.