11
ноябрь
2021
Бірлестіктердің әдістемелік отырысы
2021жылдың қараша айында Жаратылыстану-математика пәндер бірлестігі және Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің әдістемелік отырысы өткізілді. Әдістемелік отырыста мектепішілік пәндер олимпиадасын ұйымдастыру жұмысы қаралды. Жаратылыстану-математикалық пәндер бірлестігінің жетекшісі Г.Усенбаева мектепішілік жоспарына сәйкес және мектептің түйінді әдістемелік мәселесі: Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты дамыған ,рухани бай, шығармашылық белсенділігі жоғары ,білімді жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында әдістемелік отырысын өткізді.Жалпы мектепішілік жоспарға сәйкес пәндер олимпиадасына қатысатын оқушылар тізімі бекітілді. Пән олимпиадасы ғылымның - алғашқы баспалдағы. Бала санасына алғашқы ізденістерін қалыптастырып, болашақ білімді ұрпақтарды даярлау мектебіміздің мақсаты. Алдағы білім бәйгесінен сүрінбей өтіп, жүзден- жүйрік атануларына тілектеспіз!
