04
июнь
2025
Бүгін – халқымыз үшін аса маңызды, айрықша күн – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні!

Бүгін – халқымыз үшін аса маңызды, айрықша күн – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні!
Бұл күн – елдігіміздің, тәуелсіздігіміздің, бірлігіміз бен болашағымыздың нышаны.
Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – әрбір азаматтың жүрегінде мақтаныш сезімін тудыратын, ұлттың рухын биіктететін қасиетті құндылықтар. Олар – халқымыздың тарихы мен тағдырын, ерлігі мен елдігін паш ететін белгі.
Осы орайда, баршаңызды Рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елдік нышандарымызды қастерлеп, құрметтеу – әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы. Тәуелсіз еліміздің көк байрағы биікте желбірей берсін!
Ізгі тілекпен: мектеп директоры: Е.А. Далиев