Қарақыстақбай Батырхан еркін күрес » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қарақыстақбай Батырхан еркін күрес
16
апрель
2025

Қарақыстақбай Батырхан еркін күрес

16 сәуір күні мектебіміздің бұрынғы оқушысы, Қазақ Дихан ауылының тумасы Қарақыстақбай Батырхан еркін күрестен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатында 52 кг салмақ дәрежесі бойынша III орын иеленіп, мектебімізге арнайы шақырылды.

Жас спортшыны мектебіміздің директоры Е.А. Далиев бастаған мектеп ұжымы мен оқушылары ыстық ықыласпен қарсы алып, жеңісімен шын жүректен құттықтады. Шара барысында оқушылар Батырханға қызықты сұрақтарын қойып, еркін тілдесіп, болашақ чемпионға сәттілік тіледі. Батырхан өз жетістігінің сырын, спорт жолындағы еңбегі мен армандарын бөлісіп, оқушыларға мотивациялық әсер қалдырды.

Бұл кездесу оқушылар үшін ерекше рух беретін, патриоттық және спорттық тәрбиеге бағытталған маңызды шара болды.

Похожие публикации: