Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар және ата-аналар! » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар және ата-аналар!
01
сентябрь
2022

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар және ата-аналар!

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар және ата-аналар!
         Сіздерді дәстүрлі Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталу мерекесімен құттықтаймын!
Адам өміріндегі сарқылмас қазына-ол білім. Адам баласы барлық арман, мақсаттарына тек білім арқылы ғана жете алады. Бүгін барлық білім беру мекемелері есіктерін айқара ашып, білім нәрімен сусындауға келген Отанымыздың жастарын, бүлдіршіндерін құшақ жая қарсы алуда.
Бүгінгі оқушы- білім бәсекесіне төтеп бере алатын, санасы ашық, халқымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген, тұлға болуы керек.
        Мектеп табалдырығынан аттаған қымбатты 1-ші сынып оқушыларының алғашқы қадамдары құтты болсын дегім келеді.
                         Құрметті әріптестер!
Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қажырлы, өлшеусіз еңбектеріңіз әркез жемісті бола берсін! Шығармашылық игі бастамаларыңызға, педагогикалық ізденістеріңізге жаңа серпін, толағай табыстар тілеймін!
Ізгі тілекпен, Закира Құдайбергенқызы!