“Балдырған” лагері жоспарына сәйкес лагерьдің төртінші күні “Табиғат аясында” » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Балдырған” лагері жоспарына сәйкес лагерьдің төртінші күні “Табиғат аясында”
05
июнь
2025

“Балдырған” лагері жоспарына сәйкес лагерьдің төртінші күні “Табиғат аясында”

05.06.2025 жылы жазғы мектеп жанындағы “Балдырған” лагері жоспарына сәйкес лагерьдің төртінші күні “Табиғат аясында” тақырыбымен өтті. Осы күнгі іс-шараны өткізу мақсатында оқушылармен бірге Меркі ауданындағы Орталық саябаққа серуен ұйымдастырылды.

Серуен барысында балалар таза ауада табиғатпен етене жақын танысып, түрлі қимылды ойындарға қатысты. Балалар ұлттық және заманауи әндерге билеп, көңілді ойындар ойнады. Сонымен қатар, ұжымдық әрекеттер арқылы бір-бірімен ынтымақтаса жұмыс істеуді үйреніп, белсенділіктерін арттырды. Саябақ аумағында табиғат туралы қызықты мәліметтер айтылып, оқушылардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігі мен қамқорлық сезімі дамыды.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, балалар ерекше әсер алып, көтеріңкі көңіл-күймен оралды. Бұл күн лагерь қатысушылары үшін пайдалы әрі есте қаларлықтай болды.