
Жазғы “Балдырған” мектеп жанындағы лагерьінің жоспарына сай Отанымыздың ұлттық мақтанышы – Мемлекеттік рәміздер күніне орай 4маусым күні N 33 жалпы орта білім беретін мектебінде «Тарихтан тұнған рәміздер» атты бейне-викторина өткізілді. Оқушыдардың мемлекетіміздің рәміздер туралы білімдерін толықтырып, құрметтеуге баулу үшін шара ҚР-ның әнұранынан бастау алды. Шара барысында елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерді қадір тұту болып табылатыны жайлы насихатталды.
Рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Ендеше еліміздің символы – мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.