«Менің денсаулығым – менің құқығым» тақырыбында спорттық іс-шара » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Менің денсаулығым – менің құқығым» тақырыбында спорттық іс-шара
07
апрель
2025

«Менің денсаулығым – менің құқығым» тақырыбында спорттық іс-шара

2025 жылдың 7 сәуір күні №33 жалпы орта білім беретін мектебінде Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Менің денсаулығым – менің құқығым» тақырыбында спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

Мақсаты:
Оқушылардың салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттыру, денсаулықтың адам өміріндегі маңызын ұғындыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, құқықтық сауаттылығын арттыру және спортқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Іс-шара барысында оқушылар түрлі спорттық жарыстарға қатысты. Командалық және жекелей эстафеталар, ойындар мен дене жаттығулары арқылы балалардың белсенділігі мен ұйымшылдығы байқалды. Шараға мектептің барлық сынып оқушылары мен мұғалімдері белсене қатысты.

Қорытынды:
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың физикалық белсенділігін арттыруға және денсаулықтың маңызын түсіндіруге оң әсерін тигізді. Қатысушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы мағлұмат алып, достық пен салауатты өмір салтын насихаттады. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Ұйымдастырушылар:
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері.