
Ағымдағы жылдың 18 ақпан күні "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру аясында аудан мектептері арасында өткен "Бояулар құпиясы" атты жас суретшілердің аудандық байқауына №33 ЖОББМ-нің оқушылары қатысты. Нәтижесінде 6-сынып оқушылары Сатыбалды Анель, Орынтай Айзере, 8-сынып оқушысы Зал Нұрбике, 10-сынып оқушысы Ораз Асылхан Алғыс хаттармен марапатталып, 10-сынып оқушысы Қияс Жанель ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. Жетекші мұғалім: Шолпанкулов Т. Б.