28
апрель
2022
"Абай оқулары" байқауы
Ағымдағы жылдың 28-сәуірінде Меркі ауданы білім бөлімі №18 Ақкөз Қосанұлы атындағы ЖОББТМ-де жалпы білім беретін мектептердің білім алушыларының арасында аудандық "Абай оқулары" байқауы өткізілді. Қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткен байқауда 6 номинация бойынша оқушылар өз бақтарын сынады. Мектебімізден "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" номинациясы бойынша 11-сынып оқушысы Д.Сағындық ІІ дәрежелі дипломмен , Ұлылар әлемі" номинациясы бойынша 8-сынып оқушылары Орынтай Гульназ , Жақсылық Оразкүл ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.






