"Цифрлық әлемде қауіпсіз адам" » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Цифрлық әлемде қауіпсіз адам"
03
февраль
2025

"Цифрлық әлемде қауіпсіз адам"

 2025 жылдың 3 - қаңтар күні бастауыш сынып мұғалімі А.Калиева 3-сынып оқушыларымен "4 ақпан - Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күніне" байланысты "Цифрлық әлемде қауіпсіз адам" тақырыбында сынып сағатын өткізді.
✏️Мақсаты: педагогтерге  немесе ата-аналарға проблеманың алдын алу және шешу үшін шаралар  қабылдауда көрген немесе білетін қауіптер туралы хабарлау; нақты сұрақтарға жауап  табу үшін желіні қолдануды,  желіде ақпарат алмасу жолдарын түсіну.

✅Бұл атаулы күн азаматтардың ғаламторды қауіпсіз пайдалану туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған. Ол 2004 жылы алғаш рет Еуропалық Safe Internet бағдарламасы аясында өткізілді.

Бүгінгі таңда бұл іс-шара әлемдік маңызға ие болды және қазір дүниежүзінің көп елінде атап өтіледі.

Бұл күн цифрлық сауаттылық саласындағы білім беруді қолдауға, оң онлайн-тәжірибені қалыптастыруға және балалар мен жасөспірімдерді желідегі ықтимал қауіптерден қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған маңызды оқиғаға айналды.

Бастауыш сынып мұғалімі: А.Б.Калиева