15
январь
2025
«Сапалы білім - тиімді жоспар, нәтижелі сабақ»
✏️Ағымдағы жылдың 14-қаңтар күні аудандық «Сапалы білім - тиімді жоспар, нәтижелі сабақ» әдістемелік жобасы аясында , бастауыш сынып бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес 3 - сынып жетекшісі жаратылыстану пәнінен «Топырақ не үшін қажет?» тақырыбында ашық оқу іс-әрекетін өткізді.
✏️Оқу іс-әрекетінің оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: топырақтың рөлін және негізгі қасиеттерін түсіндіру;
ақпарат көзінің түрлерін, артықшылығы мен кемшілігін түсіну.
Сабақтың мақсаты: топырақтың тіршілік үшін маңызын түсіну.
✏️Ашық оқу іс-әрекетінің барысында мұғалім оқушылармен амандасып, «Ақ тілек, Әсем күлкі» тәсілімен сынып ішінде психологиялық ахуалды жақсартты. Одан әрі қарай жаңа тақырыпты таныстырмас бұрын, өткенді еске түсіру мақсатында, өткен бөлім тақырыптарынан құралған сұрақтарды «табан ізі» әдісімен оқушыларға қойып, жауап алды Жаңа тақырыпты мақал-мәтелдерді оқытып,мағынасын ашқызып, тақырыпты болжатты.Тірек сөзбен таныстырды. Оқу іс-әрекетінде саралау тапсырмасымен қоса «Ассоциация», «Зерттеушімін» әдісі арқылы тапсырмалар орындады.
Сабақта ЖИ арқылы кітаптағы суреттерді сөйлете отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра түсті. Оқушылар «Медаль» әдісі арқылы бағаланып отырды . Сабақ соңында білім алушылардан «Жетістік баспалдағы» арқылы кері байланыс алынды.
Сынып жетекші: А.Калиева