«Соңғы дыбысты ұста!» » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Соңғы дыбысты ұста!»
21
декабрь
2023

«Соңғы дыбысты ұста!»

21желтоқсан күні мектепалды сыныбында сауат ашу пәнінен ұйымдастырылған іс-әрекеттің
Анықтамасы Ұйымдастырылған іс—әрекет кезінде балалармен берілген суреттер бойынша, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтап, сөздерді буынға бөлгізді. Әр балаға жеке-жеке дыбыстық талдау жүргізді. Арасында балалармен дидактикалық ойын ойнатылды. Бұл ойынның тақырыбы:«Соңғы дыбысты ұста!» Ойынды балалар шеңберде тұрып орындайды. Мысалы мен «құмыра» сөзін айтып бастаймын да, соңғы «а» дыбысын созып тұрамын, келесі бала соңғы дыбыстан басталатынсөз ойлап, қолмен ұстағандай қимыл жасайды, соңғы дыбысқа жаңа сөз айтып, соңғы дыбысты созып айтады. Балалар созып айтқан дыбысқа сөз айтып, ойынды жалғастырады. Мысалы: Құмырааа-алмааа-айраннн-наррр-раушаннн-найзағай т. б. 

Тәрбиеші: Байжунисова  Сандугаш