1 маусым күні "Сәт сапар саған, жас түлек!" атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 маусым күні "Сәт сапар саған, жас түлек!" атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.
01
июнь
2023

1 маусым күні "Сәт сапар саған, жас түлек!" атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.

№33 жалпы орта білім беретін мектебінде 1 маусым күні "Сәт сапар саған, жас түлек!" атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиын мектеп ауласында 1-11 сынып оқушылары арасында өткізілді. Жиын мемлекеттік Әнұранмен басталды. Ортаға мектеп бітіруші түлектер мен сынып жетекшісі шақырылды. Салтанатты жиынға қонақ болып аудандық статистикалық есеп басқармасының басшысы Тлеулиев Есқали Тұрсынұлы және Ақтоған ауылдық округының бас маманы Алдаберген Серікұлы келді. Салтанатты жиынды ашу рәсімі мектеп директоры З. Қ. Ниязбековаға берілді. Мектептің үздік ұстаздарын құрмет грамотасымен, мектептің үздік оқушылары және мектебіміздің белсенді ата-аналары алғыс хатпен марапатталды. Мектеп бітіруші түлектер өздерінің ұстаздарға арналған құттықтау сөздері мен әндерін жолдады. Салтанатты жиын соңында 11-сынып оқушылары вальс биін биледі.
ДТІЖО: А. Исмаилова ​https://www.instagram.com/p/CtDaorzAMck/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==​​​