17
февраль
2022
"Жарқын дауыс" атты аудандық ән байқауы
Қазақстан Республикасының және КСРО халық әртісі, халық қаһарманы, әнші Роза Бағланованың 100 жылдық мерей тойына орай арнайы ұйымдастырылған "Жарқын дауыс" атты аудандық ән байқауында 9-12 жас ерекшелігі бойынша №33 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Есен Алмира қатысып, ерекше өнерімен бақталастарын басып озып, І орынды иеленді. Алмира өнерің өрге жүзіп, биік белестерді бағындыра беруіңе тілектеспіз! Жетекшісі: Асанов Нұрғиса Нұржанұлы.

