26
январь
2022
«Азаматтық қорғаныс төтенше жағдайларды алдын алу»
Ағымдағы жылдың қаңтар айының 26-сы күні №33 жалпы орта білім беретін мектебінде, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің жылдық жоспарына сай , «Азаматтық қорғаныс төтенше жағдайларды алдын алу» мақсатында оқу жаттығу сейсмологиялық сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты: Оқушылар мен мұғалімдер, кіші қызметкерлер төтенше оқиға болған жағдайда өздерінің тікелей атқаратын міндеттерін, іс әрекеттерін теориялық және практикалық түрде үйрету. Сейсмологиялық жаттығу ДАБЫЛ қағылу арқылы мектеп спортзалына сапқа тұрғызылып, АӘТД пәні мұғалім-ұйымдастырушысы М.Ташметов төтенше жағдай орын алған кезде оқушылармен қызметкерлердің іс әрекеттерін міндеттерін түсіндіріп, Азаматтық газтұмылдырықты, жалпы әскери қорғаныш тұлымын кигізіп көрсету арқылы қолданыс тәсілдерін практикалық түрде көрсетті .Өрт сөндіру құралын колдану және қауіпсіздік ережесімен таныстырылды. Мектеп мед.бикесі Г.Райсова төтенше жағдай кезінде түрлі жарақат алған адамдарға алғашқы мед.көмек көрсетуді практикалық түрде көрсетті.





