01
декабрь
2022
"Ой мен Ойын"
2022 жылдың 29 қараша күні бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес 3 сынып оқушыларымен "Ой мен Ойын" интелектуалды ойын сабағы өткізілді. Мақсаты: сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін байқау, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ойын "Қызықты пәндер", "Ой толғаныс", "Жалғасын тап", "Мақалмен жауап", "Мақал-тест", "Кім тапқыр?" деген 6 кезеңнен құралды. Ойын барысында оқушылар зеректіктерін көрсетіп, шапшаң ойлап , тапсырмаларды өз деңгейінде жақсы орындады. Сынып жетекшісі: А.Калиева
