Ата-аналармен жиналыс » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналармен жиналыс
07
сентябрь
2021

Ата-аналармен жиналыс

2021 жылдың қыркүйек айында 2-сынып ата-аналарымен  жиналыс өтті. Күн тәртібінде:
1.Өткен оқу жылының қорытындысы,жаңа 2021-2022 оқу жылының міндеттері
 2.Ата-аналар комитетінің жаңа құрамын сайлау
3."Бала жүрегі мейірімділікті сүйеді" тренинг қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша өткен оқу жылындағы жағдайлар айтылып, биылғы жаңа оқу жылында жаңартылған білім мазмұны бойынша балалардың білім алатындығы, 2-сыныпта қалыптастырушы бағалау қосылатыны, аптасына 5 күн оқу және сабақтың ұзақтығы 45 минут болатындығы жайында айтылды. Жиналыстың екеінші мәселесі бойынша ата-аналар өзара келісіп ата- аналар комитетін сайлады. Жаңа оқу жылындағы ата-аналар комитетінің құрамы төмендегідей құрылды.
Солтанбаева М.-ата-ана комитетінің төрайымы
Қыстаубаева А.-хатшы
Жүгібаева А - ата-ана комитетінің мүшесі
Жиналыстың соңында "Бала жүрегі мейірімділікті сүйеді" тақырыбымен 2-сынып жетекшісі Калиева А. тренинг өткізіп, жиналысты аяқтады.