Оқушыларға » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
январь
2025

Оқушыларға

2025 жылғы 21 қаңтардағы №521 хатына сәйкес бастауыш сынып оқушыларына арналған "Бастау" республикалық математикалық олимпиадасының мектепшілік кезеңі 2025 жылдың 31 қаңтар күні №33 жалпы орта білім беретін мектебінде өтті.

Олимпиаданың басты мақсаты – математикалық қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және оларға қолдау көрсету.
Мектепшілік кезеңге 3 команда қатысып, оқушылар өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынады. Нәтижесінде үздік шыққан оқушылар іріктеліп, бір команда құрылып, олар аудандық кезеңге жолдама алды.
Бұл олимпиада жас математиктердің танымдық қабілетін арттыруға, есептерді шешуде шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға және жоғары жетістіктерге жетуге ынталандыруға бағытталған.