Біз туралы » Страница 7 » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11.01.2023 жылы ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты онлайн сабақ
11
январь
2023
11.01.2023 жылы ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты онлайн сабақ
№33 жалпы орта білім беретін мектебінің 1-4 сынып оқушылары 11.01.2023 жылы ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты онлайн сабақ оқыды.
«Тиімді есептеу үшін көбейтудің қасиеттерін пайдалану »
10
январь
2023
«Тиімді есептеу үшін көбейтудің қасиеттерін пайдалану »
Бүгін математика пәнінен «Тиімді есептеу үшін көбейтудің қасиеттерін пайдалану » тақырыбында 3 сынып оқушыларымен А.Калиева сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: көбейтудің үлестірімділік, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану. Сабақ барысында мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, тиімді әдістер пайдаланып есептер шығартты.
Аудандық V "Абайтану" олимпиадасы
09
январь
2023
Аудандық V "Абайтану" олимпиадасы
🔸ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ 9 - 11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АБАЙТАНУ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ Ағымдағы жылдың 9 қаңтар күні №33 ЖОББМ-де қазақ тілі мен әдебиетінен аудандық V «Абайтану» олимпиадасы өткізілді. Олимпиаданың негізгі мақсаты: М.Әуезовтың «Абай жолы» роман - эпопеясын толық меңгеру арқылы кемеңгердің ақындық болмысына үңілуге, Абайдың шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту . 📚
Бастауыш бірлестігінің 3 отырысы
06
январь
2023
Бастауыш бірлестігінің 3 отырысы
Бастауыш бірлестігінің жоспарына сәйкес 06.01.2023 күні кезекті №3 отырысы өтті. Отырыста келесі мәселелер қаралды: 1)№2 отырыс қаулысының орындалуы. 2)Бастауыш сыныптарда пәндерді оқытуда "Мәңгілік ел" идеясын жүзеге асыру.( Баяндама) 3)ІІ тоқсан білім қорытындысы. 4) 4 сынып оқушыларының білім сапасын зерделеу Бірінші мәселе бойынша бірлестік жетекшісі В.Ж.Кожаназарова сөйледі. Екінші мәселе бойынша 4 сынып жетекшісі Нургазиева У.К. «Мәңгілік ел» тақырыбында баяндама оқыды. Үшінші мәселе,ІІ
«ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА КЕЛЕҢСІЗ ОҚИҒАЛАРДЫҢ, БУЛЛИНГ,КИБЕРБУЛИИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ»
06
декабрь
2022
«ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА КЕЛЕҢСІЗ ОҚИҒАЛАРДЫҢ, БУЛЛИНГ,КИБЕРБУЛИИНГТІҢ
Мектеп психологы А.Омарбекова №7 Аманжол Тұрғынбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасында өткен аудандық семинарға қатысып,өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Семинардың тақырыбы: «ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА КЕЛЕҢСІЗ ОҚИҒАЛАРДЫҢ, БУЛЛИНГ,КИБЕРБУЛИИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ» Семинар мақсаты: Балалар мен жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың, буллинг, кибербуллингтің алдын алуда жан- жақты шараларын жоспарлап жүргізу. Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету, адамгершілікке,
Зорлық-Зомбылықсыз 16 күн" акциясында
02
декабрь
2022
Зорлық-Зомбылықсыз 16 күн" акциясында
Зорлық-Зомбылықсыз 16 күн" акциясында №33 жалпы орта білім беретін мектебінде ата-аналармен, оқушылар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Мақсаты: халықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, отбасының қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталып қабылданып жатқан шаралар туралы таныстыру.  
«Ұстазы жақсының -ұстанымы жақсы»
02
декабрь
2022
«Ұстазы жақсының -ұстанымы жақсы»
🔸Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы — дені сау, саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ал, біз өмір сүріп отырған ғасыр – білім кеңістігіндегі бәсеке ғасыры, «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қараң» екенін мойындап, өркениетке, ғылымға бет бұрған кезең. Бұл орайда, ұстаздарға бәсекеге сай білімді ұрпақ даярлау дейтін үлкен міндет жүктеліп отырғаны баршаға мәлім. 🔸 Өткен оқу жылындағы А.Байтұрсынұлының -150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған облыстық «қазақ тілі мен
«Жұлдыздар жүздесуі» аудандық дарынды балалармен кездесу-бенефисі
29
ноябрь
2022
«Жұлдыздар жүздесуі» аудандық дарынды балалармен кездесу-бенефисі
2022 жылдың 28-қараша күні «Жұлдыздар жүздесуі» аудандық дарынды балалармен кездесу-бенефисі өткізілді 📝Тарих көгіне жарқ етіп шыққан ұлы тұлғалардың қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын, шығармаларының идеялық мазмұнын түсіндіру, әдебиет тарихын ұғындыру және көркем шығарма оқуға ынталандыру аясында ұйымдастырылған оқулар мен түрлі байқау жеңімпаздарын таныту және оларға қолдау көрсету мақсатында ауданымызда «Жұлдыздар жүздесуі» кездесу-бенефисі ұйымдастырылды. Аталған кездесу-бенефиске
Ата- аналармен психологиялық тренинг
25
ноябрь
2022
Ата- аналармен психологиялық тренинг
Аяла Омарбекова педагог-психологы бастауыш сынып ата аналарымен психологиялық тренинг өткізді. Мақсаты: отбасындағы тәрбие- өте маңызды рөл атқаратындығын көрсете білу, мектеп пен ата-ана байланысын ынтымақтастыру өзара серіктестік орнату, ата-ананың, баланың оқу – тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру.
"Бала құқығы-адам құқығы"
24
ноябрь
2022
"Бала құқығы-адам құқығы"
№33 жалпы орта білім беретін мектебінде дүниежүзілік балалар құқығын қорғау күнін мерекелеуге арналған "Бала құқығы-адам құқығы" атты іс-шаралар жоспары бойынша директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары А. Исмаилова және мектеп психологы А. Омарбекова бірлесе отырып балаларға қатысты қатыгездік, зорлық жасалған жағдайда көмек көрсету қызметтері "Сенім телефоны"," Көмекті қалай сұрау керек? "," Кімге жүгіну керек"туралы мектеп оқушыларымен ақпараттандыру, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.