27
август
2025
Республика бойынша бірыңғай педагогикалық кеңес өткізу аясында 2025–2026 жаңа оқу жылының басталуына орай, №33 жалпы орта білім беретін мектебінде 27 тамыз күні дәстүрлі №1 педагогикалық кеңес өтті.



Республика бойынша бірыңғай педагогикалық кеңес өткізу аясында 2025–2026 жаңа оқу жылының басталуына орай, №33 жалпы орта білім беретін мектебінде 27 тамыз күні дәстүрлі №1 педагогикалық кеңес өтті.
Пед кеңес еліміз бойынша өткен Тамыз конференциясының мазмұны, сондай-ақ Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың білім саласына қатысты жасаған үндеуімен басталды.
Мектеп директоры Е.А. Далиев жаңа оқу жылының табысты басталуымен ұжымды құттықтап, білім беру ісіндегі негізгі бағыттармен, алдағы міндеттермен таныстырды.
Кеңесте қаралған негізгі мәселелер:
- ҚР БҒМ ұсынған «Әдістемелік нұсқау хаттың» мазмұны;
- «Адал азамат» құндылығы мен академиялық адалдық принциптері;
- Жасанды интеллекттің білім саласында тиімді қолданылуы;
- Оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселелері.
Сонымен қатар, мектептің оқу-тәрбие жоспары мен даму стратегиясы талданып, нақты іс-шаралар бекітілді.
Жиын қорытындысында әрбір педагогтың басты мақсаты – сапалы білім мен тәрбиені қатар ұштастыру, ұлт болашағы – жас ұрпақтың саналы, білімді, ұлтжанды болып қалыптасуына ықпал ету екендігі тағы бір мәрте атап өтілді.