Мектеп директоры
Ниязбекова Закира Құдайбергеновна
1963 жылдың 21 қаңтарында Шымкент қаласында дүниеге келген.
1970-1980 жж №100 «Жұлдыз» орта мектебінің оқушысы;
1980-1983 жж «Жұлдыз» орта мектебінде кітапханашы;
1983-1989 жж Тараз қаласындағы Жамбыл Педагогикалық Институтының орыс тілі және әдебиет бөлімін орыс тілі және әдебиет мамандығымен тамамдаған;
1989-1991 жж Жамбыл облысы Свердлов ауданы Абай ауылы «Абай» мектебінде орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі;
1991-1994 жж Меркі ауданы Меркі ауылы №17 И.Трубицын атындағы торта мектепте орыс сыныптарына қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі;
1994-2001 жж Меркі ауданы Қазақ Дихан ауылында №33 бастауыш мектепке бастауыш сынып мұғалімі;
2001-2019 жж Меркі ауданы Қазақ Дихан ауылында №33 бастауыш мектебі меңгерушісі;
2019 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолында қол жеткен табыстары және гүлденуіне қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
2019 жылдан бүгінгі күнге дейін №33 жалпы орта білім беретін мектептің директоры.