16
сентябрь
2024
«Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады »
2024 жылдың 16 қыркүйек күні 3 - сынып оқушыларымен «Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады » тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: отбасы Отанның бір бөлігі екенін түсіну . Оқушылардың ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылар шаттық шеңберін құрып, хормен өлең жолдарын қайталап сыныпта жағымды ахуал қалыптастырды. «Не жөнінде үндемей қалуға және ата-аналардан жасыруға болмайды?» тақырыбында бейнеролик көрсетті. Ана-барлық өмірдің бастауы, адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен даритынын оқушыларға түсіндірді. Сабақ соңында аналарына арналған өлең жолдарын мәнерлеп оқып, аналарына ашық хат дайындады. Сынып жетекшісі: А.Б.Калиева
