“Ауған соғысы” » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Ауған соғысы”
15
февраль
2024

“Ауған соғысы”

N33 жалпы орта білім беретін мектебінің 3 сынып білім алушыларымен "Соғыс куәгерлері"тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Ауған соғысының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру. “Ауған соғысы” жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлері туралы мәлімет алу.Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу,жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып,Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған,жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу,жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге,тарихи тағылым беру,оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке баули отырып тәрбие беру.
Сабақ бағдарламасы:
І.Ауғанстан соғысы тарихы туралы түсіндіру.
ІІ. Ауған соғысының ардагері,жазушы,депутат Б.Смағұлдың «Мен көрген соғыс» атты деректі фильмін көру
ІІІ. Қорытынды

«Миға шабуыл» әдісі: Балалар,соғыс дегенде көз алдарыңызға не нәрсе елестейді?Қандай соғыстарды білесіздер? сұрақтары қойылды. 
Сынып жетекшісі: К.Мырзабаева