30
ноябрь
2021
"ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ" тақырыбында сынып сағаты
№33 Жалпы білім беретін мектептің 2-сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Калиева Ақмарал Бегеновна 2021жылы қараша айнының ағымдағы аптасында 1-желтоқсан "Тұңғыш президент күні" мерекесінің қарсаңында "ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ" тақырыбында сынып сағатын өтті. Мақсаты:
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;
Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.
Сынып сағатының өту барысында оқушыларға Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы тың ақпараттар айтылып, сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Айзере мен Нұрханым тақпақ-өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты. Елінің дамуына 30 жыл уақытын арнаған елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің қызмет жолындағы естеліктері туралы слайдтар көрсетіліп, өмір жолына шолу жасады. Мұғалім «Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз. Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті сақтаңдар» -деген Елбасының сөзімен сынып сағатын аяқтады.