03
декабрь
2021
"Ғасырдың ғажап азаматы"
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. 2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылды. Қазақстан Республикасының алғашқы президент күнін атап өту Қазақстан Республикасының президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы дүр жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған. №33 ЖОББМ -нің 8 сынып оқушыларымен сынып жетекшісі А.С.Жүнісқұлова "Ғасырдың ғажап азаматы" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Елбасы туралы видеороликтер көрсетіліп, өмір жолындағы еңбектері сонымен қатар ақын- жазушылардың Елбасына арнау өлең шумақтарын жатқа оқыды.
