01
июнь
2022
"БАҚЫТТЫ БАЛА- БАҚЫТТЫ ЕЛ!"
Бүгін 1.06 күні №33 жалпы орта білім беретін мектебінде "1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні" мерекесіне "БАҚЫТТЫ БАЛА- БАҚЫТТЫ ЕЛ!" тақырыбында "Балдәурен" сауықтыру лагерінің ашылуы , мерекелік іс-шара өткізілді.
Балаларды қорғау күні олардың өмірін қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес.
Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі - балаларға барлық жағдай жасау керектігін айтсақ артық болмас.
Осылайша, Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.
Іс -шараның соңында мектеп ұжымынан сый-сияпат , әр балаға тегін балмұздақ таратылды.