02
март
2022
"Қызықты қазақ тілі әлемі" тақырыбында зияткерлік сайыс сабақ
Қоғамдық - гуманитарлық пәндер айлығының аясында наурыздың 2-і күні №33 жалпы орта білім беретін мектебінің 6,7 сынып оқушыларының арасында сыныптан тыс "Қызықты қазақ тілі әлемі" тақырыбында зияткерлік сайыс сабақ өткізілді. Мақсаты: Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу. Сайыс барлығы 7 кезеңнен құралып, оқушылар әр кезеңде білімдерін жан-жақты арттыра түсті. Ұшқыр ойлау қабілеттерінің арқасында шапшаңдық танытып, белсенді болған оқушылар арнайы Мадақтамамен марапатталды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Г.Д.Жексенбекова



Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Г.Д.Жексенбекова




