«Әкем – тірегім, Анам – жүрегім» кездесу » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әкем – тірегім, Анам – жүрегім» кездесу
22
май
2025

«Әкем – тірегім, Анам – жүрегім» кездесу

22 мамыр күні «Әкем – тірегім, Анам – жүрегім» кездесу өтті.
Отбасы – әр баланың ең алғашқы мектебі. Отбасындағы әке мен ананың рөлі баланың психологиялық дамуына тікелей әсер етеді. Әке – баланың қорғаны, тірегі, қауіпсіздіктің символы болса, ана – жылулықтың, мейірім мен махаббаттың қайнар көзі.
Балаға әкенің сенімді қолдауы мен ананың шексіз махаббаты қатар қажет. Егер осы екеуі тепе-тең болса, бала өзін қауіпсіз әрі бақытты сезінеді. Мұндай ортада өскен бала өзіне сенімді, жауапкершілігі жоғары, кішіпейіл болып қалыптасады.
- Балаңызды тыңдаңыз, түсініңіз.
- Сөзбен ғана емес, іс-әрекетпен махаббат көрсетіңіз.
- Әке мен ана өзара сыйластықты үлгі етсін.
- Балаға сенім артудан қорықпаңыз.