“Қарты бар үйдің, қазынасы бар” тақырыбында тәрбие сағаты » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Қарты бар үйдің, қазынасы бар” тақырыбында тәрбие сағаты
19
май
2025

“Қарты бар үйдің, қазынасы бар” тақырыбында тәрбие сағаты

19 мамыр күні 7 сыныптармен “Қарты бар үйдің, қазынасы бар” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты:
Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі-өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу, ұнамды-ұнамсыз, әдепті-әдепсіз қылықтарды ажырата білуге үйрету. Оқушы бойына адамгершілік, парасаттылық қасиеттерін қалыптастыру. Қоғамдық көліктерге мінгенде, үлкендерге амандасу,орын беру, түсуіне көмектесу ол болашақ ұрпағымыздың басты парызы болып табылады. Балалар біз өзіміздің ата-әжелеріміздің алдында, аға ұрпақтың алдында үлкен қарыздармыз. Ол қарыздарымызды тек қана жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы қайтара аламыз. Бұл қасиеттер ешқандайда ақшаға сатып ала алмайтын байлық. Үлкенді құрметтейік,қарияларымызды қадірлейік. Мейірімді,қайырымды азамат болып өсіңдер!
Сынып жетекшісі: Парменова К.А.