
29 сәуір күні 10 сынып жетекшісі оқушылармен “1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне” орай тәрбие сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан халқының бірлігі күні туралы түсінік беру, оның мәні мен маңызын түсіндіру. Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыстардың мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Оқушылардың достыққа, бірлікке, татулыққа деген көзқарасын қалыптастыру.