Ұлтық киім күні » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
апрель
2025

Ұлтық киім күні

Ұлттық киім күні – Қазақстанда ұлттық мәдениет пен дәстүрді насихаттауға бағытталған мерекелік күн. Бұл күн жыл сайын 18 наурызда, Наурыз мерекесі қарсаңында аталып өтеді.

🔖Мақсаты:
Қазақ халқының ұлттық киімдерін дәріптеу

Ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді жаңғырту

Жастар арасында ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру.
Мерекелеу ерекшеліктері:
🖇️Бұл күні мектептерде, мекемелерде, қоғамдық орындарда ұлттық киім кию дәстүрге айналып келеді. Қазақтың шапан, камзол, сәукеле, тақия, бешпент, көйлек, шалбар, мәсі сияқты ұлттық киімдерін киіп, фото-бейнелер түсіріліп, әлеуметтік желілерде белсенді түрде таратылады. Сонымен қатар, ұлттық киімдер туралы көрмелер, танымдық шаралар ұйымдастырылады.

Ұлттық киім күні – қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін, ұлттық нақыштағы ою-өрнектер мен киім үлгілерін жаңғыртып, болашақ ұрпаққа мұра етуге бағытталған маңызды мәдени шара.