«Мектеп кітапханасының кітап қорын толтыру жолдары мен есеп құжаттарымен жұмыс жасау» тақырыбнада аудандық семинар – практикум » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектеп кітапханасының кітап қорын толтыру жолдары мен есеп құжаттарымен жұмыс жасау» тақырыбнада аудандық семинар – практикум
10
ноябрь
2022

«Мектеп кітапханасының кітап қорын толтыру жолдары мен есеп құжаттарымен жұмыс жасау» тақырыбнада аудандық семинар – практикум

№33 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың 10-қараша күні «Мектеп кітапханасының кітап қорын толтыру жолдары мен есеп құжаттарымен жұмыс жасау» тақырыбнада аудандық семинар – практикум өтті.
Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал, кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы – кітапханашылар. «Кітап – білім бұлағы» демекші, мектеп кітапханасы кішкентай болғанымен атқарар қызметі үлкен. Бұл орын – оқушылардың шығармашылық жұмыстармен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді. Кітапхана оқырманның талап-тілектерін қанағаттандырып, оқумен тәрбиелеп, қажет болған жағдайда тиімді шешімдерді қабылдауды үйретеді.
Аталған семинар-практикум ауданымыздың Білім бөлімінің әдіскері Г.Избасарованың қатысуымен өз деңгейінде жақсы өткізілді. Мектеп директоры З.Ниязбекова Алғы сөзімен бастап, әрі қарай №33 ЖОББМ-нің кітапхана меңгерушісі А.Бекмуратова «Мектеп кітапханасында кітап қорын көбейту жолдары» тақырыбында баяндама оқып, іс-тәжірибесімен бөлісті. Сондай -ақ №6 ЖОББМ-нің кітапхана меңгерушісі Оналбаева Роза «Бір сынып бір кітап» атты баянадама оқып, Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының кітапхана меңгерушісі Мәуленкулова Сарсекуль Анарбековна «Жиынтық есебі кітабы» тақырыбында практикалық жұмыс жасатты.
Соңында Меркі ауданы Білім бөлімінің әдіскері Г.Избасарова өз сөзінде «Болашақ бүгіннен басталады. Сондықтан мектеп кітапхана жұмысына ерекше назар аударып, кітапхана қызметін дұрыс ұйымдастыру, жоспарының мазмұнын нақты құру, есеп беру және қандай нормативтік құжаттарды пайдалану керектігін дұрыс жолға қою керек» - екендігін айтты.