24
January
2025
"Менің елімнің нышандары "
Ағымдағы жылдың 23 - қаңтар күні бастауыш сынып мұғалімі А.Калиева аудандық "Сапалы білім - тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" жобасы аясында, бастауыш сынып бірлестігінің айлығының жоспарына сәйкес дүниетану пәнінен "Менің елімнің нышандары " тақырыбында 3 - сынып оқушыларымен ашық оқу іс-әрекетін өткізді. Сабақтың мақсаты: Қазақстанның ресми емес нышандарының маңызын түсіну ("Алтын адам, "Бәйтерек " монументі , "Мәңгілік ел" қақпасы) Сабақтың басын "Гүлмен тілек" әдісі арқылы психологиялық ахуалды жақсартып, "Бинго" әдісі арқылы houseтапсырмасын сұрады. Жаңа сабақ "Мен бастаймын, ал сендер жалғастырыңдар" ойыны арқылы бастап, QR кодты сканерлеу арқылы ресми емес нышандарды таныстырып, видео материалдар көрсетті. Сабақтың соңында "Нышан" сөзіне құралған сөзжұмбақ шештіріп қорытындылады. Сабаққа жас мамандар қатысып тәжірибе алмасты.
@liazatabenova
@liazatabenova
