10
September
2025
Меркі АПБ-нің басшы құрамы , бөлім басшылары оқушыларымен кездесу өткізді.

Меркі АПБ-нің басшы құрамы , бөлім басшылары оқушыларымен кездесу өткізді.
🔸 Мақсаты: «Кәмелетке толмағандар арасында жол-көлік қауіпсіздігі, жасөспірімдермен және оларға қатысты қылмыстың, жыныстық тиіспеушілікке, бопсалау, әлімжеттік көрсету, құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.А.Абылай 8-11 сынып оқушыларына жиналысқа қатысушы қонақтарды таныстырды.
Жиналысқа Меркі ЖПҚБ бастығы полиция подполковнигі А.Майнаусов, ЖПҚБ ЮПТ-ның аумақтық инспекторы полиция лейтенанты Қ.Шолпанбаев қатысты.
Меркі ЖПҚБ бастығы полиция подполковнигі А.Майнаусов кәмелетке жасы толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу бойынша әңгіме жүргізді, кездесу барысында оқушылар арасында ақша бопсалау, күш көрсету арқылы әлімжеттік жасау, топтық бұзақылық жасағандар заң алдында жауапқа тартылатындығын ескертілді. Түнгі уақытта ата-ананың қарауынсыз /заңды өкілдерінсіз/жүрмеу керектігін айтты.Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің кәмелетке толмағандар туралы баптары түсіндіріліп, құқық бұзушылыққа бармауы, автокөлік және мопед айдамау туралы ақпарат берілді.
Мектеп директоры Е.Далиев кездесу барысында білім алушыларға мектептің ішкі тәртібі таныстырылып, түнгі мезгілде ата-ананың қарауынсыз (заңды тұлғаларынсыз) жүрмеу керектігі айтылды. Оқушылар арасында ақша бопсалау, күш көрсету арқылы әлімжеттік жасау, топтық бұзақылық жасағандар заң алдында жауапқа тартылатындығы ескертілді.
Кездесу барысында қойылған сұрақтарға құқықтық ақпарат толық беріліп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мазмұнды жауаптар алынды.